Популярные тэги

Қазақстандықтар өз зейнетақысы кімнің қолында екенін білмейді

Қазақстандықтар әлі күнге дейін өз зейнетақы жинақтарын кім басқаратынын білмейді. Бұған 2025 жылы жүргізілген тәуелсіз социологиялық зерттеу нәтижелері дәлел.


07/01/2026
02:16 62 0

БЖЗҚ жариялаған сауалнама қорытындысына сүйенсек, халықтың зейнетақы саласындағы қаржылық сауаттылығы артқан. Алайда қазақстандықтардың басым көпшілігі қорға аударған қаржысы қайда, қалай инвестицияланатынын білмейтін болып шықты. Сауалнамаға қатысқандардың үштен бірінен астамы (35,6%) зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ басқарады деп ойлайды, ал шын мәнінде қор активтерін Ұлттық банк және салымшының таңдауы бойынша инвестициялық портфельді басқарушылар инвестициялайды. Бұл қате түсінік тіпті жоғары білімді адамдар арасында жиі кездеседі.

 

Зерттеу зейнетақы төлемдеріне қатысты салық саясатын түсіну деңгейі де төмен екенін көрсетті: респонденттердің тек 38%-ы ғана қазіргі уақытта төлемдерге жеке табыс салығы салынатынын, ал 2026 жылдан бастап бұл салық алынбайтынын біледі екен.

 

Халықтың зейнетақы жүйесіне сенімін жоғары дей алмаймыз: сауалнама бойынша БЖЗҚ-ға деген сенімнің орташа деңгейі – 6,04 балл. Азаматтар зейнетақы институттарына ашық сенім білдірмегенімен, айқын сенімсіздік те танытпайтынын көрсеткен. Респонденттердің көпшілігі БЖЗҚ-дағы жинақтарын зейнеткерлікке шығудың негізгі көзі ретінде қарастырады, ал зейнетақы жарналарын салғандардың үлесі 2021 жылғы 42,7% - дан 2025 жылы 78,7% - ға дейін өскен.

 

Айта кетейік, зерттеуге Қазақстанның барлық өңірінен 3 мың респондент қатысты. Қатысушылардың басым бөлігі – жалдамалы қызметкерлер (67,7%), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (27,7%) және жұмыссыздар (4,6%).

 

 

 

Фото: Максим Золотухин/DKNews.kz

Поделиться

Нет комментариев.

07/01/2026 02:16
62 0

Уведомление